Рұқсат етілген курстар

Қодар Зәмзә Мүтәшқызы - Қазмемқызпу Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының директоры, философия ғылымдарының докторы. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарих факультетін үздік бітірді. 1998 жылы «Философиялық ойлау мәдениетінің терминологиялық аспектілері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Философия және саясаттану институтының докторлық кеңесінде 09.00.11. – әлеуметтік философия «Гендерная стратификация общества в этнокультурном и культурно-историческом измерениях» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Гендер мәселесіне арналған 120-астам ғылыми мақалалары мен еңбектері бар.

Оспанов Сапар Иманғалиұлы – философия ғылымдарының докторы, доцент. 1966 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінің философия бөліміне түсті. 1969 жылы үздік студент есебінде оқуды онан әрі жалғастыру мақсатында А.А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің философия факультетіне ауыстырылды. 1974 жылығы қазанда Москва қаласындағы КСРО Ғылым академиясының Социологиялық зерттеулер институтының аспирантурасына түсіп, 1981 жылдың 21 қаңтарында сол интитуттың Ғылыми кеңесінде «Понятие “социальная структура” (вопросы системного анализа социальных отношений)» атты диссертацияны сәтті қорғап, философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Жалпы көлемі 300 баспа табақтан артық 180-ге тарта ғылыми еңбектері жарияланған.

Бектұрғанова Гүлжан Қыдырбайқызы - Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының ғалым хатшысы, география магистрі. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Жаратылыстану-география факультетіне түсіп, 2006 жылы бітірді. 2009 жылы «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері (Тарбағатай жотасы мысалында)» тақырыбында магистрлік диссертация қорғады. Гендер мәселесіне арналған ғылыми мақалалары мен еңбектері бар.

Дарменова Рахия Абрашетовна Жамбыл қаласында туылған. Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессор м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты, Ресейдегі жаратылыстану Академиясының профессоры. 2008 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. «Жоғары оқу орындарындағы оқулық жазудағы еңбектері үшін» А.Байтұрсынов атындағы төс белгісінің иегері. Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдық мерейтойында «Құрмет белгісі» төс белгісімен марапатталған. Инновациялық технологияны меңгерген. 120-дан астам халықаралық және отандық ғылыми еңбектері мен шығармашылық жұмыстары жарық көрген, сонымен қатар мектептегі «Технология» оқулықтарының авторы.

Алашабаева Ұлжан Нұғманқызы 1990-1995 жылы Алматы жеңіл өнеркәсіп және тұрмыстық техникумын бітірген. 2004 - 2007 жылы Алматы технологиялық универсетіндегі «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» мамандығы бойынша бакалаврды, 2007-2009 жылдары Алматы технологиялық универсетіндегі «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп шыққан. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Кәсіптік білім беру кафедрасында магистр, ҚР Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі, аға оқытушы болып қызмет атқарады. 2014жылы Мәскеу қаласында өткен «Особенности подготовки специалистов дизайна при переходе на новую образовательную систему» деңгейлік курстан өткен. 2015 жылы Астана қаласы ҚР Әділет министрлігінен өнеркәсіп үлгісіне патент алған ( №2168 24.02.2015 ж). 2015 жылы Түркия мемлекеті Анталия қаласындағы Акдениз университетінде өткен «18-ші халықаралық жастар фестиваль» конкурсына қатысқан.

Набуова Роза Абдрахманқызы 2008 жылы 21 қаңтарда 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін беру жөніндегі К.14.61.09 Диссертациялық кеңесінің мәжілісінде «Студенттердің бастауыш мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға даярлығын қалыптастыру» атты кандидаттық диссертациясын қорғаған. Халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларында, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында, мектеп мұғалімдеріне арналған баспаларда 30-дан астам ғылыми мақалалары жарияланды.


Мамирова Күләш Нұрбергенқызы - жалпы білім беретін мектепке арналған география пәнінің Стандарты, тұжырымдамасы мен 6-11 сынып оқу бағдарламаларының авторы. 6-шы сыныптың «Физикалық география» оқулығы мен оның оқу-әдістемелік кешені, мектеп оқушыларына арналған «Географиялық сөздіктің», сондай-ақ, «Қазіргі дүние географиясы» және «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» атты әдістемелік құралдарының авторы. «География в школах и вузах Казахстана» атты журналының редакциялық алқасының мүшесі. Қазіргі таңда К.Н. Мамированың 247 ғылыми еңбектері жарық көрген, олардың 100 жуығы оқулықтар мен оқу құралдары. 3 импакт – факторлы мақаласы авторлық бірлестікте «BULLETIN DEUROTALENT-FIDJIP» жинағында жарық көрген (Франция).

Иманбекова Бибігүл Илиясқызы - саяси ғылымдарының докторы, доцент. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі. 1985ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультетіне түсіп, 1995 жылы бітірген. 1999 жылдан тарих ғылымдарының кандидаты, 2002 жылдан саяси ғылымдарының доценті, 2009 жылдан бастап саяси ғылымдарының докторы. 2009-2013жылдар аралығында Нұр-Отан партиясының жанынан құрылған Жоғары Партия Мектебінде саясаттану пәні бойынша дәріс оқыған. 130 ғылыми мақаласы, 2 монографиясы, 2 оқу құралы бар. Қоғамның саяси-әлеуметік мәселелері туралы республикалық басылымдарда мақалалары жарияланып тұрады.

Қосдәулетова Сандуғаш Қосдәулетқызы - философия ғылымдарының магистрі, оқытушы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетіне оқуға түсіп, 2005 жылы аяқтаған. 2006 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарады. Бірнеше ғылыми мақаласы, 1 монографиясы, 1 оқу құралы бар және 1 электронды оқулығы бар.


Медеубаева Кенжехан Турапбековна, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жалпы педагогика кафедрасының аға оқытушысы. Жалпы еңбек өтілі 35 жыл. 1987 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша, 2004 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын бітірген. 2010 жылы «13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиеті)» ғылыми бағытында «Орта мектепте С.Торайғыров шығармаларын оқыту негіздері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.


Аргынбаева Зауре Музировна - 1995 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық инстутына түсіп, 1999 жылы аталған институттың химия және тәрбие жұмысының әдістемесі мамандығы бойынша толық курсты бітіріп шықты. Мемлекеттік біліктілік комиссиясының 1999 жылғы 29 маусымдағы шешімі бойынша оған химия пәнінің мұғалімі және тәрбие жұмысының әдіскері деген біліктілік берілді. 2002-2004 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының 517750-Химия мамандығы бойынша магистратура бөлімін бітірді. Мемлекеттік аттестаттау коммиссиясының 2004 жылғы 23 маусым шешімімен химия магистрі – біліктілігі мен академиялық дәрежесі берілді. Мемлекетіміздің білім беру саласындағы жемісті еңбегі және елімізге қажетті педагог мамандар даярлаудағы үлесі үшін «Ең үздік тәлімгер» номинациясы бойынша құрмет грамотасымен марапатталды. 2010-2011 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары» номинациясымен марапатталды.

Абитжанова Жанар Алтынбекқызы (23.06.1978 ж.т., Алматы обл.) – филология ғылылымдарының кандидаты (2010), ҚазМемҚызПУ-дің аға оқытушысы (2004-2016). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің (1999), магистратурасын (1999-2001), аспирантурасын (2001-2003) бітірген. 1999 жылы №85 орта мектепте қазақ тілі пәні мұғалімі, 2001-2003 ж. Азаматтық авиация академиясында аудармашы, 2004 жылдан бері ҚазМемҚызПУ оқытушысы. Ж.А.Абитжанова – жоғары оқу орындарында қазақ тілі мамандарын даярлауға елеулі еңбек сіңіріп, тіл тарихы, когнитивтік лингвистика, тілдік қатынас негіздері, контрастивтік лингвистика салалары бойынша ғылыми ізденістер жасап жүрген ғалым.

Каскатаева Бахыткуль - Профессор, Педагогика ғылымдарының докторы, Доцент. МАИН академигі, РАЕ ның корреспондент мүшесі, "Mathematics Education Sosiety in Japan"/ «Математическое образование Японии» жапон халықаралық журналы ассоциациясының мүшесі, Латвияның «Rural Environment. Education. Personality» халықаралық конференциясының оргкомитетінің мүшесі. 100 ден астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде 7- оқу құралы, 3- әдістемелік нұсқаулар, 2- типтік оқу бағдарламасы, 2- монографиялар.

Каскатаева Бахыткуль - Профессор, Педагогика ғылымдарының докторы, Доцент. МАИН академигі, РАЕ ның корреспондент мүшесі, "Mathematics Education Sosiety in Japan"/ «Математическое образование Японии» жапон халықаралық журналы ассоциациясының мүшесі, Латвияның «Rural Environment. Education. Personality» халықаралық конференциясының оргкомитетінің мүшесі. 100 ден астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде 7- оқу құралы, 3- әдістемелік нұсқаулар, 2- типтік оқу бағдарламасы, 2- монографиялар.

Жиенбаева Сайраш Нағашыбайқызы - «12 жылдық білім беру алты жастан басталатын болғандықтан 1-2 сыныбына арналған «Технология» оқу-әдістемелік кешенінің, 2004 жылы «Өзін-өзі тану» пәні авторларының бірі. «Мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастырудың теориялық негіздері» (2008) монографиясы жарық көрді. Мектепалды балаларын еңбекке баулу» әдістемелік құралы (2007), «Қол еңбегі» әдістемелік кешені (АрманПВ 2010ж.) дайындалды.

Маханова Айгүл Сейсенбаевна – магистр, «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының оқытушысы

Ханкишиева Элеонора Мирзагаевна – 1978 жылы дүниеге келген, ұлты талыш, 1999 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтады. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2006 жылдан бастап оқытушы, 2009 жылдан бастап аға оқытушы қызметін атқарады. 2010 жылы «Газеттік дискурстағы әзіл әлем бейнесі» атты кандидаттық диссертация қорғады. 2011 жылы Э.М. Ханкишиеваға филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.


Жұмақаева Береке Дәулетханқызы - Жалпы еңбек өтілі – 32 жыл, педагогикалық еңбек өтілі – 26 жыл. Абай атындағы ҚазПИ дің филология факультетін үздік белгімен бітірген. ҚазмемқызПУ де жиырма жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Университетте филология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2008-2013 жылдары ҚызПУ «Хабаршы» ғылыми журналының жауапты редакторы. 2013 жылдан бері факультеттің әдістемелік бюросының төрағасы. Республикалық «2014 жылдың үздік әдіскері» байқауының жүлдегері.


Рахметова Нурзия Байтукешқызы Семей облысы, Шар қаласында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры., педагогика ғылымдарының авторы. Евразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі. 2010 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болды. «Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін» Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері. «Еуразия дизайнерлер одағына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған. Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдық мерейтойында «Құрмет белгісі» төс белгісімен марапатталған.

Иманкулова Ляйля Болаткуловна - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, кәсіптік білім кафедрасының аға оқытушысы, кәсіптік білім магистрі.Кәсіби біліктілігі мен іс-тәжірибиесі: 2005-2006 жж Қазақтың онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында тәрбиеші, 2006 ж Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында іс – қағаз жүргізуші, 2006-2008 ж.ж. магистратураның күндізгі бөлімінде оқыған. 2008 жылдан бүгінгі уақыт аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің кәсіптік білім кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып, педагогикалық пәндер бойынша дәріс беріп келеді. «Оқытудың интербелсенді әдістемесін ЖОО-да қолдану» тақырыбында тренерлерді даярлау курсынан өтіп, сертификатпен расталған.


Объявления сайта

(Әзірге жаңалықтар жоқ)